Қонаев қаласы әкімінің атынан алаяқтар СМС-хабарламалар тартуда. Сақ болыңыздар!

Жарбол Кентұлы 25 июл. 2024 16:05 2279

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың атынан интернет-алаяқтар СМС-хабарламалар таратуда, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Whats’App желісі арқылы хабарламалар таратылса, қазір интернет-алаяқтар Телеграм желісін пайдалануда.

Хабарламада ҰҚК-дан куратор тағайындалғаны, жоспардан тыс тексеріс болатыны жазылған. Байланыс нөмірі көрсетілмеген. Сосын ҰҚК қызметкерімін деп Нариман Сағымбаевтың атынан хабарлама да жолданған.

Құрметті тұрғындар! Егер сұрақтар болса, қала әкімінің қабылдауына жазылып, жеке жолығуды сұраймыз! Асхат Бердіханов Телеграм желісін пайдаланбайды. Инстаграмдағы аккаунты – berdikhanov_askhat.

Сақ болыңыздар!


Рекомендовать
Последние новости