«Қонаев барысы» анықталды

Dalanews 04 мая 2024 12:04 2613

Ұлттық спорт жастардың рухани санасын жаңғыртып, адамгершілікке, батылдыққа, төзімділікке және патриоттыққа тәрбиелейтіні сөзсіз.

Бүгінде елімізде «Қазақстан барысы», «Әлем барысы» сияқты турнирлер ұйымдастырылып, қазақи спорт түрлері дәріптелуде.

Қонаевта «Алатау арланы» облыстық турнирінде шаһар намысын қорғайтын балуандарды анықтайтын «Қонаев барысы» қалалық іріктеу жарысы өткізілді.

Жарыс нәтижесінде Тәңірберген Бекнұр жеңімпаз атанды. Ал 2-орынды Мәди Еділбаев жеңіп алса, жүлделі 3-орынға Қайролда Темірлан табан тіреді.


Рекомендовать
Последние новости