Қоғамдық коалиция деструктивті ағымдардың жолын кеседі

Dalanews 15 сент. 2022 14:36 972

Елімізде деструктивті діни ағымдардың жұмысына тосқауыл қою ісі жолға қойылып келеді. Десе те жат ағымды уағыздаушы сыртқы күштер де өз дегенін істеп бағу үшін қолдан келген айла-шарасын істеп бағатыны жасырын емес. Бірақ қазақ қоғамы мұндай сын-қатерлерге қарсы азды-көпті иммунитет қалыптастырып үлгерді. Бүгінде әлдеқандай жат ағымды насихаттауғышға кез-келген адам оның айтқанынан көніп, айдауына жүрмейді. Бұл – соңғы ондаған жылда қол жеткізген басты жетістігіміз десек болады.

Қазір қарапайым адамадар жат ағымдар ел iшiнде үрей және дүрбелең тудыру мақсатында қоғам тәртібін, мемлекет тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзуды көксейтінін жақсы түсініп келеді. Терроризмнің мақсаты – мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Сонымен қатар қоғамда тұрақсыздық тудырып, көшеде, жұмыс және демалатын жерлерде, халықтың көп шоғырланған орталарында, сауда саттық орталықтарында оқу және мәдениет ошақтарында кез-келген уақытта бүлік шығарып, үрей тудыруды көздейді. Сондықтан мұндай жымысқы деструктивті ағамдырадың қақпанына түсіп қалмауы үшін кез-келген азаматтың белгілі көлемде діни сауатының болуы маңызды.

Соңғы жылдары қой терісін жамылған қасқырлар өздерінің жұмысқы әрекеттерімен Ислам дініне де біршама көлеңке түсіргені жасрын емес.

Бұл ретте қасиетті Құранды орыс тіліне аударған Валерия Порохова халықаралық басылымдар мен телеарналар айтып жататын «ислам терроризмі» сөз тіркесін мүлде алып тастау керектігін алға тартқан болатын. Белгілі исламтанушы ғалымның бұл ойын көкрек көзі ояу кез-келген мұсылман қолдайтыны анық.

Террорлық ұйымның мүшесі қандай бір мұсылман елдің азаматы болса болғаны, дереу «ислам террористтері» деп айта салу әдетке айналғаны бәрімізді қынжылтады. Ал, басқа діндегі террорист топтар туралы болғанда, олардың діні айтылмайды да басшысының ғана аты немесе шыққан жерінің аты, ең болмағанда саяси көзқарасы ғана айтылады.


Мәселен, Испаниядағы «ЭТА-БАСК» тобы туралы ешқашанда «Христиан террорист Баск тобы» деп айтпайды. Ал, Солтүстік Ирландиядағы «ИРА» ұйымы туралы «христиан-католик террористік ұйымы ИРА» деп ешкім айтқан емес!

Жалпы ел болып, осындай қауіпті секталардан сақ болып, балаларымызға лайықты дәрежеде көңіл бөліп, кесірлі ағымдардың қиянатынан сақтауымыз керек. Сондықтан дәл қазір терроризмге қарсы тұрудың насихат жүйесін құру – заманның басты талабы десек артық айтқандық болмас еді. Ол үшін мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының үйлесе жұмыс істеуі ауадай қажет. Сол себепті лаңкестік пен қарақшылықтың алдын алу шараларының тиімді жүйесін қалыптастырып, жастарды толеранттық пен өзара сыйластық рухта тәрбиелеудің маңызы зор.

Соңғы жылдары терроризмнің жаһандануы белең алып, лаңкестік қатердің қауіптілік деңгейі үрей туғызатын деңгейге жеткені жасырын емес. Терроризмнің идеологиясы діни сауаты төмен халық арасына, қоғамда әлеуметтік қағажу көрген ортаға қарай оңай ауысатынын естен шығармаған абзал. Кейбір ақпараттық басылымдар радикалдық ағымдарға тікелей қолдау көрсетуде. Бұл, әсіресе, жастар арасындағы дүниетанымға кері әсерін тигізері ақиқат. Сондықтан лаңкестік әрекетке барушыларға тек қана мемлекеттен бөлек, ұйымдасқан сауатты азаматтық қоғамның тойтарыс беруі маңызды. Бұл ретте әлеуметтік қатерді тек бірлесіп, қоғамдық коалиция қалыптастыру арқылы ғана жоюуға болады. Ол үшін бүгінгі өскелең ұрпақты ізгілік пен ізеттікке тәрбиелеудің жаңа өміршеңдік идеологиясын калыптастыру қажет.

Соңғы жылдары Қазақстан аумағында да экстремистік және террористік іс-әрекетпен байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған қазақстандықтардың саны біршама өсті. Соынмен қатар елімізде террористік оқиғалардың жолы кесілгенін де білеміз.

Осыған орай, Қазақстан ТМД терроризмге қарсы күрес орталығы, Шанхай ынтымақ тастық ұйымы терроризмге қарсы аймақтық құрылымы сияқты ұйымдардың мүшесі болып, лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрес желісінде халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытудың маңызы зор.


Ашығын айтсақ, Қазақстан азаматтарының іргелес елдердін де, алыс шетелдердің де аумақтарындағы террористік іс-әрекетке тартылу оқиғалары кездесті. Ең шулы оқиға – Өзбекстандағы 2004 жылы террористік акцияларды ұйымдастырған «Орталық Азия моджахедтер жамағаты» террористік тобының әшкереленуі. Бұдан кейін біраз азаматтардың Сирия асып, жат ағымдардың құрамында қолына қару алып қарулы қақтығыстарға қатысқанын білеміз. Бұдан кейін мемлекеттік деңгейде «Жусан» операциясы іске асып, жат ағымдардың арбауына түскен ел азаматтарына елге алдырып олардың іс-әрекеттеріне құқықтық тұрғыдан баға беріліп, оңалту жұмыстары жүргізілді. Осылайша Қазақстан өз азаматтары үшін қолдан келген барлық шараларды жүзеге асыратын ел ретінде танылды. Осындай оқиғалардың орын алмауы үшін біздер білім беріп, адамдардың санасын өзгертуге басымдық беруіміз керек.

Нұрлан ӘУБӘКІР


Рекомендовать
Последние новости