Қоғамдық кеңесі – халықтың үніне жоғарыға жеткізетін бірегей алаң

Жарбол Кентұлы 27 сент. 2024 21:41 4116

Қазақстандағы қоғамдық кеңестер азаматтық қоғам мен мемлекеттік басқару органдары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған консультативтік-кеңесші құрылымдар болып табылады. Кеңестер ел азаматтарының пікірлерін ескеріп, күнделікті өмірдегі өзекті мәселелерді шешуге барынша ықпал етіп келеді. Сондықтан мұндай кеңестердің еліміз үшін маңызы зор.

Қоғамдық кеңестердің басты мақсаты – мемлекеттік органдардың шешімдеріне қоғамдық бақылауды күшейтіп, азаматтық қоғамның қатысуын қамтамасыз ету болып табылады. Олар мемлекеттік басқару процесіне қоғамның кеңінен қатысуына ықпал етіп, мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығын арттыруды қамтамасыз етіп келеді.

Қазіргі таңда елімізде құрылған Қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдардың шешімдері мен бағдарламаларына қатысты қоғамдық пікірлерді жинау және талдау және қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеп ел дамуына өз үлестерін қосуда.

Бүгінде Қоғамдық кеңестер белгілі бір мемлекеттік органның жанында құрылып, сол органның жұмысына бағытталған қызметтерді атқарып келеді. Кеңестер әртүрлі сала өкілдері – қоғам қайраткерлері, ғалымдар, бизнесмендер, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдерінен құралатынын айта кетуіміз керек.  Осы ретте кеңес мүшелері ерікті түрде қызмет етіп, оларды қоғамдастықтар мен азаматтар ұсынады.

Бүгінде Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі қаланың гүлденуіне бар күш-қуатын жұмысап келеді. Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі қаладағы өзекті мәселелерді шешуге және қала тұрғындарының пікірін мемлекеттік органдарға жеткізіп, өзекте мәселелерді дер кезінде көтеріп келеді. Осы ретте аталған кеңес қала тұрғындарымен мен жергілікті басқару органдары арасындағы диалогты нығайтып, көптеген мәселелерді қоғамдық талқылау арқылы шешіп келе жатқанын көріп отырмыз.

Қаладағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени даму бағдарламаларының іске асырылуына талдау жасап, олардың тиімділігін бағалауда Қоғамдық кеңестің атқарып жатқан жұмысы ерекеше. Алматы қаласының Қоғамдық кеңесін Бақытжан Сәлімгерейұлы кеңестің қызметі туралы былай деген болатын:

– Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі – қала тұрғындарының үніне жоғарыға жеткізетін бірегей алаң. Біз қоғамдағы әрбір азаматтың пікірін ескеруге, олардың ұсыныстарын қабылдауға және қала дамуына бағытталған әрбір шешімді бірге талқылауға мүдделіміз. Біздің мақсатымыз – Алматыны жайлы әрі қауіпсіз қалаға айналдыру. Сонымен қатар қаладағы өзекті мәселелерді шешуге қоғамның барынша қатысуын қамтамасыз етіп келеміз. Азаматтар бізге сенім артса, біз олардың мұң-мұқтажын, ұсыныстарын мемлекеттік органдарға жеткізіп, қала дамуының негізгі бағыттарын бірге айқындауға тырысамыз, – дейді Бақытжан Сәлімгерейұлы.

Таяуда Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінде Алматы қаласы Полиция департаментінің ағымдағы жылдың 9 айындағы қызметі туралы есеп тыңдалып, басқосуда қала қауіпсіздік пен құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған болатын.

Алқалы басқосуда Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Арыстанғани Заппаров өзіне қарасты департамент пен оның бөлімшелерінің қызметі туралы кеңес мүшелеріне есеп берді.  

– Қазіргі таңда Алматы қаласында қылмыс деңгейі 9,6%-ға төмендеді, оның ішінде ауыр қылмыстар 3%-ға, зорлау 12,5%-ға, мүлік ұрлығы 31,6%-ға, интернет алаяқтық 14,5%-ға, тонау 28,7%-ға және бопсалау 8,3%-ға азайған. Алаяқтықтан зардап шеккен азаматтардың жалпы шығыны 12 миллиард теңгені құрады. Интернет алаяқтықтан келген шығынды полицияның күшімен 14,5%-ға дейін азайттық. Бұл бағытта телевизиялық, жарнамалық және желілік ақпараттандыру жұмыстары жүргізіп, метрода алаяқтыққа қарсы бейне ескертпелер орналастырдық, – деді.

Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысының есебін тыңдаған Қоғамдық кеңес мүшелері қалада криминогендік жағдай тұрақты екенін көздерін жеткізді. Осылайша Алматы қаласы Қоғамдық кеңес мүшелері қала тіршілігіне қатысты көптеген мәселелерге қатысып, өзекті мәселелерді бірлесіп талқылауда. Қоғам болып кеңескен дүние өз келте болмайтыны белгілі. Сондықтан еліміздегі Қоғамдық кеңестердің жұмысын оң бағалауымыз керек.  

 

 


Рекомендовать
Последние новости