Қоғам мен полиция арасындағы сенімді арттыруға арналған семинар

Dalanews 29 апр. 2022 04:09 940

Жуырда 26-28 сәуір аралығында БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы ҚР Ішкі істер министрлігі, Алматы академиясының базасында ІІМ-нің және ішкі істер органдары оқу орындары қызметкерлерінің әлеуетін арттыруға арналған семинар өткізді. 

– Бүгінгі іс-шара Ішкі істер министрлігін ауқымды реформалау кезеңінде өтіп жатқандықтан өте өзекті. Сенім ұғымының өзі ішкі істер органдарының қызметіндегі көптеген салаларды қамтиды. Құқық қорғау қызметін бағалау критерийлерінің бірі – халықтың полицияға деген сенімінің деңгейі екені сөзсіз. Осыған байланысты полиция қызметін жетілдіру қажеттілігі халықтың сенімін бағалаумен байланысты, – деді ІІМ Алматы академиясының бастығы полиция полковнигі Айдар Сайтбеков.

Семинар барысында оған қатысушылар ішкі істер органдарының күнделікті жұмысына деген сенімді күшейту тұжырымдамалары мен стратегияларын іске асыру үшін басқару қағидаттарын қолдану мүмкіндігіне ие болды.

Полиция жұмысындағы жүйелі өзгерістерге бағытталған орнықты қадамдар жайлы пікірталастардың нәтижесінде семинарға  қатысушылар тұрғындармен неғұрлым тиімді жұмыс істеуге, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға байланысты және жергілікті полиция қызметін талдау бойынша құнды ұсыныстар әзірледі.

Рекомендовать
Последние новости