ҚМА Omarket платформасы арқылы жүргізілген күмәнді мемлекеттік сатып алуларды тексеріп жатыр

Қаракөз Амантай 03 нояб. 2025 11:14

Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) Omarket электронды дүкені арқылы жасалған мемлекеттік сатып алуларға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесін әзірге қарастыру үстінде, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін агенттік төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов платформадан 4 млрд теңгеге жуық негізсіз баға көтеру белгілері табылғанын мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, кейбір жеткізушілер кәдімгі скотчты 2 теңгеден, ал басқалары дәл сол өнімді 99 мың теңгеге дейін ұсынған. Сондай-ақ 7,5 мыңнан астам жағдайда баға ұсыныстары келісімшарт жасалған соң бірден жойылған.

Nege.Aqsha дереккөзі ҚМА-ға ресми сауал жолдап, аталған сома мемлекетке келтірілген залал ретінде қарастырыла ма және платформа құрылтайшыларына қатысты іс қозғалды ма деген сұрақтарға жауап сұрады.

ҚМА ресми жауабында қазіргі таңда Omarket арқылы жүзеге асқан мемлекеттік сатып алулар кезінде бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына талдау жүргізіліп жатқаны, ал талдау нәтижелері Үкіметке ұсынылатынын мәлімдеді.


Рекомендовать
Последние новости