Қызметінен кетті

Dalanews 01 февр. 2016 10:08 951

Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Андрей Дигант өз еркімен қызметтен кетті. Бұған судьяның Қапшағайдағы казинолардың бірінде жүргені себеп болған. 

Судьяның ойынханада жүргенін казиноның меймандарының бірі түсіріпті. Кейін оны монтаждап, әлеуметтік желілерге салған. Облыстық соттың өзіндік қауіпсіздік қызметі жүргізген тексеру нәтижесінде таспадағы адамның шынымен де Андрей Дигант екені расталды. Сөйтіп, судья өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазыпты. Ол мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы боп бір жыл бұрын тағайындалған болатын. Оған дейін Ақмола облыстық сотында қызмет еткен.

Рекомендовать
Последние новости