Қызымды өзім шомылдырамын: Ұшқын Жамалбек отбасының маңызы туралы айтты

Азамат Қойшығара 29 янв. 2024 14:37 3569


Белгілі эстрада әншісі Ұшқын Жамалбек отбасын құрғандағы алғашқы үш жылы қиындыққа толы болғанын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.


"Қызықты weekend" бағдарламасына сұхбат берген өнер иесі шаңырағын сақтаудағы ер адамның рөлі ерекше екенін жеткізді.



Қазақта "Салиқалы келін әкел" деген сөз бар ғой. Сонда келінді біз өзіміз үшін аламыз ба? Әлде үйіміз үшін аламыз ба? Отбасымызға қалай қарауымыз керек? Бала не үшін туады? "Адам болғасын отбасы болады, бала туады" деген түсінік қана бар. Бауырларыма "Бірінші орында - отбасың" деп айтамын. Жан жарыңмен ортақ тақырып, үйлесім таба білу керек. "Қыз кезінде бәрі жақсы. Жаман қатын қайдан шықты?" дейді халқымыз. Көбіне ер адам бүлдіреді екен бәрін. Мен отбасының рахатын енді сезініп келе жатырмын, - дейді әнші.



Ол қызын өз қолымен шомылдыратынын жасырмады. Тіпті, шашын да өзі өріп береді екен.



Бұрын "Ер адам қызын шомылдырады" деген сөзді естісем, қашатынмын. Мен одан төмендеп кеткен жоқпын. Керісінше, өстім. Балаларымды да өзім киіндіріп, төсегімді өзім жинаймын. Балаларды тісін жуындырып, төменге алып түсемін. Анасына "Таңғы асыңды дайындай бер" деймін. Мен қалай білім алдым, өзімді дамыттым, солай бәрі жақсы болды, - деді Ұшқын Жамалбек. 




Рекомендовать
Последние новости