Қызылшадан қалай сақтанамыз?

Dalanews 03 мар. 2023 13:00 998

Бүгінде қызылша – бүкіл әлемде балалар арасындағы сырқаттанушылық пен өлімнің басты себепші болуда. Таяуда Астана қаласында осы сырқатқа қатысты арнайы өткен семинарда бұл аурудың қауіптілігі туралы ҚР ДСМ балалар инфекционисі, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева жан-жақты айтып берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қызылша – жұқпалы және тез таралатын жедел вирустық инфекция. Дәрігердің айтуынша, 5 жасқа дейінгі балалардың 30%-ында бұл ауру тез асқынады, әсіресе тамақ ішуі бұзылады және иммунитеті күрт нашарлайды.

«Қызылша. Клиника, диагностика және емдеу. Өткен қателіктер» атты семинарға елорданың ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі медициналық ұйымдарының басшылығы, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, балалар стационарларының кабинеті мен қабылдау бөлімшесінің дәрігерлері қатысты.


– Вирус мұрын-жұтқыншақ шырышының микроскопиялық ұсақ бөлшектерінде, тыныс алу жолдарында кездеседі. Олар жөтелгенде және түшкіргенде айналасына тез таралады. Қызылшаға қарсы ұжымдық иммунитет вакцинация арқылы ғана қалыптасады, – деді Динагүл Баешева.

Іс-шараның мақсаты – әлемдегі қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты аурушаңдық туралы дәрігерлердің білімін арттыру.

Рекомендовать
Последние новости