Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды

Dalanews 15 апр. 2022 05:54 828

Қызылқоға ауданына қарасты Миялы ауылының батыс жағында Ойыл өзенінің тасуына байланысты 50 метрлік қорғаныс бөгеттері биіктетіліп, күшейтілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ойыл өзенінің тасуына байланысты Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды. Жағдай облыс әкімінің  жеке бақылауында. Бұл жайында өңір басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды.

Қазіргі таңда қорғаныс мақсатында 300 тонна құм және 500-ден астам топырақ толтырылған мөшек қойылды.

Оқиға орнында 3 ауыр техника (2 КАМАЗ, 1 тиеуші), 70-ден аса ерікті ауыл жастары жүр. Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері


қаупі бар аймақтарда күшейтілген кезекшілікте тұр.

Бүгін ауылдағы үйлерді су басудың алдын алу үшін «Миялы-Қарабау-Индер» автожолын жыру туралы шешім қабылданды. Қауіп сейілгеннен кейін жол қалпына келтіріледі.

Рекомендовать
Последние новости