Қызылорданың мектеп әжетханасында оқушыны аяусыз соққыға жықты

Асель Қайратқызы 17 окт. 2025 17:02

Қызылордада алты жасөспірім мектептің әжетханасында 10- сынып оқушысына шабуыл жасаған. Жігіт түрлі жарақаттар мен бірнеше сүйек сынуын алған. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желілерде мектеп әжетханасында түсірілген видео тарады, онда жасөспірімдер тобы өз қатарласын ұрып- соғып жатқаны бейнеленген. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқушы жақ сүйегі мен мұрны сынған, миы шайқалып, ауруханаға түскен. Жасөспірімге ота жасалып, жақ сүйегі темір скобалармен бекітілген.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бірнеше адам топтасып бұзақылық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық күдіктілер- кәмелетке толмағандар, олар ұсталып, полицияға жеткізілді.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән- жайын анықтау үшін қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, кінәлі жасөспірімдердің заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады»,- деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, мұндай жағдайлардың алдын алу және себептерін жою мақсатында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға (әкімдік жанындағы) ұсыныс енгізілген.


Рекомендовать
Последние новости