Қызылорда облыстық филармониясына Кеңес Дүйсекеев есімі беріледі

Dalanews 26 янв. 2023 02:51 907

Қызылорда облыстық филармониясына композитор Кеңес Дүйсекеев есімі беріледі, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қызылорда облыстық мәслихат сессиясында ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру жөніндегі ұсыныстар қаралды.

Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Мира Қазбекова мәслихат депутаттарына осы күнге дейін өңірлік ономастика комиссиясының отырыстарында қолдау тапқан тиісті басқармалардың ұсынысын жеткізді.

Атап айтқанда, Қызылорда облыстық филармониясына композитор Кеңес Дүйсекеевтің есімін беруге қолдау білдірілді. Аталған бастама алдағы уақытта республикалық ономастика комиссиясы қарауына ұсынылады.


Кеңес Дүйсекеев – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Өнер жолында 200-ден астам шығарма жазды. Оның ішінде «Толғау» симфониясы, «Жалаңтөс батыр» симфония поэма-картинасы, «О, дүние» кантатасының, «Жыл мезгілдері» романстар циклінің авторы болды.

«Гүлдер» ансамблінің, «Қазақконцерт» гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, көркемдік жетекшісі, «Қазақ теледидары» музыка редакциясының бас редакторы, Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері қызметтерін атқарды.

Рекомендовать
Последние новости