Қызылорда облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Ақтоты Жапатова 08 сент. 2025 15:04

Жалағаш аудандық прокуратурасының бастамасымен және жергілікті қауымдастықтың қолдауымен Таң ауылы ресми түрде «ішімдіксіз ауыл» атанды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл бастама аясында ауыл кәсіпкерлері өз еріктерімен алкоголь өнімдерін сату лицензиясынан бас тартып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосуда.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл қадам ауыл жастарын зиянды әдеттерден сақтап, қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.

Прокуратура өкілдері мен ауыл ақсақалдарының қатысуымен өткен кездесулерде бастама бірауыздан қолдау тапты.


Рекомендовать
Последние новости