Қызылорда облысында өзінен кіші баланы ұрып өлтірген оқушы 6,5 жылға сотталды

Қаракөз Амантай 09 окт. 2024 10:29 2466

Қызылорда облысында 9-сынып оқушысының кеуде тұсынан ұрып өлтірген 10-сынып оқушысына қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазір жоғары сыныптың екі оқушысы сотқа тартылды. Оларға Қылмыстық кодекс бойынша “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” және “Бұзақылық” деген айып тағылды.

Шиелі ауданы Қодаманов ауылының 10-сынып оқушылары 9-сынып оқушыларын сыйластық танытпады деген сылтаумен жазаламақ болған. Сотталушылардың бірі тізіліп тұрған өзінен кіші балалардың бетінен ұрған.

“Сотталушы К жәбірленушінің кеуде тұсынан жұдырығымен қатты ұрған. Жәбірленушінің жүрегі рефлекторлы тоқтап, салдарынан ауыр дене жарақатынан мерт болды", – делінген сотта.

Сот шешімімен кәмелетке толмаған қаскөй 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ал бұзақылық жасағаны үшін екі сотталушы да тараптардың татуласуына байланысты жазадан құтылып кетті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Рекомендовать
Последние новости