«Қыз қуу». Түркістанда ұлттық ойындарды насихаттау жүйелі түрде жүргізілмек

Dalanews 05 дек. 2018 06:12 1913

Бұл туралы облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ғылыми әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Мырзабай Омаров мәлім етті. 


 Ұлттық ойын – халық мұрасы. Облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен Түркістанда ат спорты түрлері кеңінен насихатталуда.


Биылғы жаз айында ат спортын насихаттаған ауқымды жарыс ұйымдастырылған болатын. Оған сәйгүліктерін баптап, аттың құлағында ойнайтын, өңірімізге белгілі жас спортшылар келген. Олар атшабар алаңына жиналған қауымға алдымен ұлттық ойындардың бірегейі «Қыз қуу» ойнын көрсеткен еді.


Ұлттық ойындар байқауы әмен қарай мергендік сынының бір түрі жамбы ату жарысымен жалғасын тапқан. Жүйрік аттың екпінін бәсеңдетпестен, нысананы көздеген спортшылар сайыстың бұл түрінен де ептіліктерін көрсете білген еді.


 Облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ғылыми әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Мырзабай Омаровтың айтуынша, мұндай жарыстар алдағы жылы да көптеп ұйымдастырылатын болады.



«Бұл ойын түрлерінің түбінде қазақ халқының батырлығын, ептілігін, осындай ерекше спорт ойындарымыз болғанын дәріптейді. Сондықтан да тек мереке қарсаңында емес, әсіресе жастар арасында насихаттау біздің орталықтың міндеті. Қазақтың ұлттық ат спорт түрлерінің адам баласына тәрбие бағытында да қосар үлесі мол».


Оның атап өткеніндей келер жылы көрермендерді қиқуға бастыратын, ұлттық спорт түрі ол – теңге ілуден жарыс өткізіледі.


Рекомендовать
Последние новости