Қытайға саяхат

Dalanews 18 мая 2016 00:22 1714

Осы жазғы демалысым естен кетпес оқиғаға толы болып өтті. Ал оның бірден-бір себебі – мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Қытай елшілігі бірлесіп ұйымдастырған Қытайдың бір емес, бірден үш қаласына онкүндік саяхат жолдамасына ие болдым. Осындай үлкен мүмкіндікті ұсынған өзімнің университетім КазҰУ-ға, оның ішінде қытай кафедрасына шексіз алғысымды білдіремін.

Тамыздың төрті күні біз, ҚазҰУ студенттері, аспан асты елінің астанасы Бейжиңге ұшып келіп, әуежайдың табалдырығынан аттап үлгермей, Пекин тіл және мәдениет (BLCU) университеті тарапынан жылы қарсы алындық. Сол күні-ақ, олар бізді Ұлы Қытай қорғанын көруге апарды. Бүгінгі күнге дейін жақсы сақталған әлем кереметтерінің ішіне кіретін тарихи мұраны соңына дейін өз көзіммен көріп отырғаныма сенбедім. Келесі күндер де маған дәл осындай тәтті түс тәрізді сезілді. Тек кітаптардан көруге болған жұмақ тәріздес императордың жазғы сарайына (颐和园), көркемфильмдерден ғана тамашалай алатын тыйым салынған қала (故宫), МаоЗы Доң ҚХР туын желбіреткен Тияннанмын алаңы секілді тарихи маңызды, көрікті жерлерге де бардық. Бейжиңде сонымен қоса бізге қытай тілі, каллиграфияны үйрену сабақтары, Қытай тарихы мен мәдениеті, философиясы дәрістері өткізілді. Оқытушылардың бізге деген жылы пейілдері таңғаларлық болды. Осылайша Бейжиңде өткізген әрбір уақытым керемет өтті. Содан соң Қытайдың модерн қаласы Шанхайға бет алдық. Мұнда біз Хуанпу өзенін кемемен кезіп, түнгі Шанхай көрінісіне тәнті болдық, Шанхайдың биік телемұнарасына кіріп көрдік, және де соның ішіндегі балауыз фигуралар мұражайына бардық, сосын Пудун кварталында да серуендедеп үлгердік. Алайда біз зәулім ғимаратқа, осы заманға сай салынған көрікті жерлерге лық толы алып шаһарды көріп қана қоймай, сонымен қоса тарихи құнды орындарға да бардық. Мәселен, ежелгі қалашық 朱家角, Шанхай қалалық мұражайы т.б. Ал үшінші аялдама – Чиңдаода менің бала кезімнен бергі арманым орындалды: мен алғаш рет теңізді көрдім. Бұл әсерлі сәтті мен ешқашан ұмытпаспын.

Осындай қызыққа толы кездерді бастан кешіргеніме үлкен жағдай жасаған ҚазҰУ-ға алғыс айтуға ешбір шаршамаспын.

Қайрат Айдана,  ҚазҰУ Шығыстану факультетінің 3 курс студенті


Шарыпқазы Нұртәліп,       ҚазҰУ Шығыстану факультетінің оқытушысы


Рекомендовать
Последние новости