Қытайдың миллиардеріне жер беруден бас тартқан әкім

Dalanews 23 февр. 2017 02:47 847

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Конституцияның 26-бабына ұсынылған өзгерістерге қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыс әкімі халыққа есеп беру кездесуінде шекарадағы жерлерді шетелдіктерге беруге жол беруге болмайтынын мәлімдеді.

– Қызметке тағайындалғанымда бөлмеме Қытайдың инвестор-миллиардері кірді. Ол шекара аймақтарындағы жерлерде егін шаруалығығымен айналысқысы келді. Жартылай шөлге айналған жер учаскесіне ол өз қаражатынан коммуникация тартып, шөлде «оазис» жасағысы келді. Бірақ осындай стратегиялық аймақты жерді беруге бола ма? Бірде-бір сантиметр жерді шетелдіктерге бермейміз. Жер мәселесі ұдайы бақылауда, – деді Амандық Баталов.

Әкімнің айтуынша, бүгінде облыста ауыл шаруашылығы мақсаттарындағы сегіз миллион гектардан аса жер бар.

Рекомендовать
Последние новости