Қытайда «Димаш» әуе лайнері көкке көтерілді

Dalanews 23 авг. 2017 11:43 964

Димаш десе ішкен асын жерге қоятын қытайлықтар оның атымен ұшақ жасап шығарды. Бұл туралы БАҚ құралдары жарыса жазған еді. Енді сол ұшақ бүгін алғаш рет әуе көгіне көтеріледі. Бұл туралы Димаштың досы әрі PR-менеджері Алпамыс Шәрімов айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

– Бүгін Димаштың суреті бейнеленіп, аты берілген ұшақ ресми түрде алғашқы сапарын бастайды. 13:10-да Шанxайдан Бейжіңге дейін бірінші рейс ұшады! Димаш, құтты болсын! Енді сенің есімін әуеде қалықтайтын болады, – деп жазды Алпамыс.



Бұл ретте фанаттар Димаш үшін қуанып, оны жарыса құттықтап жатыр.

“Жарайсың, Димаш! Осы ұшақ сияқты өнерің тек биікке самғасын”, “Керемет, Алла тіл-көзден сақтасын, ғажап. Нағыз мақтаныш”, “Расымен де Димаштың есімі әуеде қалықтамақ. Бұл үлкен бақыт”, “Өзінің жеке авиакомпианиясы мен ұшақтары болсын болашақта”, – деп ақ тілектерін жаудырды оқырмандар.

Рекомендовать
Последние новости