Қытайда биіктігі 19 метрден асатын алып аққала тұрғызылды

Қаракөз Амантай 22 дек. 2025 11:56

Қытайдың Харбин қаласында биіктігі 19 метрден асатын алып аққала тұрғызылды. Мұз бен қар фестивальдерімен әлемге танымал қаладағы ерекше нысан қысқы маусымның басты көрікті жерлерінің біріне айналды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

B-Tech ұсынған мәліметке сәйкес, алып аққаланы жасау үшін шамамен 3 500 текше метр қар пайдаланылған. Құрылыс жұмыстарына 150-ден астам адам тартылып, мүсінді тұрғызу 11 күнге созылған.

Қазіргі таңда алып аққала Харбинге келген туристердің ерекше қызығушылығын тудырып, қалаға келушілер санының артуына ықпал етіп отыр.


Рекомендовать
Последние новости