Қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде маңызды өзгеріс енгізіледіі

Көркем Алдабергенова 24 июл. 2025 15:05

Қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде маңызды өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылының басында қазақстандық мектептерді қандай өзгеріс күтіп тұрғанын айтты.

Бейсембаевтың айтуынша, Қазақстанда жаңа оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады.

Министрдің мәлімдеуінше, білім күніне арналған салтанатты жиынның өткізу күні енді мектеп деңгейінде – педагогикалық кеңес шешімімен анықталады.

"Оқу процесі 2 қыркүйектен басталады. Ал салтанатты жиынның күні мен уақыты мектептің педсоветінің шешімімен белгіленеді. Егер мектеп, педсовет салтанатты шараны дәл 1 қыркүйекте өткізуді жөн деп тапса – ондай мүмкіндік беріледі", – деді министр.


Рекомендовать
Последние новости