Қырық жыл атом зардабын тартқан Қайнар ауылына ауыз су жетті

Dalanews 24 окт. 2019 08:11 1819

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласына қарасты  Қайнар ауылының тұрғындары таза ауыз судан жылдар бойы таршылық көріп, тіршілік нәрін санитарлық талаптарға сай келмейтін, қолдан қазылған жер құдықтардан пайдалануға мәжбүр болып келді.

Жол мен қатар осы өңірдің басты мәселесі болатын. 2017 жылы республикалық бюджеттен 467 миллион теңге бөлініп, су тарту жұмыстары басталды.



Араға бір жарым салып, ауыл тұрғындары көптен күткен қуанышқа кенеліп, ауыз су мәселесі толықтай шешімін тапты. Әрбір үй таза ауыз суға қол жеткізуге мүмкіндік алды.


  Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов жұмыс сапарымен Абыралы өңіріне барған кезінде қайнарлық ағайындармен кездесіп, әрбір үйге кіріп, өз кезегінде суға қолы жеткен жандар ризашылықтарын білдіріп жатты.

 

«Біздің жақтың қысы өте қатты. Аязды күндері ауа температурасы -40, -45 градусқа дейін барады. Сол кезде жаяулап құдықтан суды әкелу үлкен қиындық тудыратын. Суды үнемдеуге тура келетін. Сол үшін талай мұндағы адамдар қалаға көшіп кетті.



 Енді қала әкімінің тікелей мұрындық болуымен көптен күткен қуанышқа кенеліп отырмыз. Суымыз бар. Көпқабатты үйлердегі адамдардан кем тұрмайтын болдық»,деп  даладан тоңып келген бізге Күлән ханым ыстық шәйін ұсынды.

Жалпы  су құбырлар ауыл тұрғындарының ауласына дейін тартылды. Үйлердің іргесіне келген суды тұрғындар өздері кіргізіп алған.


 Сонымен қатар қала әкімі Қайнар орта мектебінің тыныс-тіршілігімен танысты. Осы күнге дейін судың жоқтығынан оқушыларға ыстық тамақ берілмей келген еді.

 Енді асханаға құрал-жабдықтар алынып, жақын арада   іске қосылуын  білім ордасының директорына тапсырма берді.

 Қала әкімі  «Жұмыс сапарының мақсаты 9 ай бұрын халықтың алдында есеп берген кезімде көтерілген мәселелердің бүгінде қаншалықты сапалы орындалғандығын тексеріп, көзбен көру. Су мәселесі шешілді. Жұмыстарымыздың барлығы бітті. Мемлекеттік комиссия қабылдады. Бұл  су у емес. Сапасы өте жақсы» деп дәмін көріп,  күмән келтірген адамдарға, ішіп көруге кеңес берді.



 Қырық жыл атом зардабын көрген, Семейден 300 шақырым қашықтықтағы шалғайдағы Қайнар ауылының тұрғындары енді қалаға қатынайтын жолымыз жөнделсе деген тілегін білдірді.

Қуаныш Рахметоллаұлы


Рекомендовать
Последние новости