Қырғызстанда қазақстандықтардың басшылығымен жұмыс істеген алаяқ колл-орталық анықталды

Көркем Алдабергенова 26 апр. 2025 09:45 349

Бішкекте қазақстандық және қырғызстандық азаматтарды алдап келген алаяқ колл-орталық әшкереленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетіне мәлімдеді.

Тергеу мәліметінше, орталық Қазақстан азаматтарының басқаруымен жұмыс істеген. Операторлар негізінен қарт адамдарға психологиялық қысым көрсетіп, оларды биологиялық белсенді қоспалар мен тұрмыстық техникалар сатып алуға мәжбүрлеген.

Кейін лотерея билеттерін сатып алып, ақшаларын арнайы шоттарға аударса, ұтысқа ие болу мүмкіндігін арттырамыз деп алдаған.

Колл-орталық салық органдарында тіркелмегені анықталды.

Алаяқтар қоңырау шалу үшін Қазақстан аумағында орналасқан серверлер арқылы жұмыс істейтін “Baribarda” IP-телефония жүйесін қолданған. МҰҚК аталған құрылымның ұйымдасқан қылмыстық схема белгілеріне ие екенін және оның қызметі мемлекетаралық деңгейде жүргенін атап өтті.

Арнайы операция барысында 43 қызметкер, оның ішінде төрт кәмелетке толмаған адам ұсталды. Тінту кезінде ондаған телефон, ноутбук және түрлі құжаттар тәркіленді.


Рекомендовать
Последние новости