Қырғызстан. Медициналық сақтандыруы жоқ азаматтар өзге елге шыға алмайды

Dalanews 13 мая 2021 12:05 809

Жоғарғы Кенеш депутаты Экмат Байбакпаев «Қырғыз Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы» заң жобасын талқылауға ұсынды. Жаңа құжатта бойынша елден уақытша шығатын азаматтар өмірін немесе денсаулығын сақтандыруға міндетті.

«Қырғыз Республикасының азаматтары өмірі мен денсаулығын сақтандыру жөніндегі келісімге отырып, оны тексеру-бақылау пунктерінде көрсетуге міндетті. Құзырлы мемлекеттік органдар өмірі мен денсаулығын сақтандырған азаматтарды ғана шекарадан жіберуге міндетті» делінген заң жобасында.

Сақтандыру полисі жоқ азаматтарды Қырғызстаннан шығармайды.

Депутаттың айтуынша, жоба мақсаты – мемлекет бюджетіне түсетін салмақты азайту. Мемлекеттік көші-қон қызметінің мәліметінше, 2019 жылы «200-жүкті» тасуға бюджеттен 14,4 млн сом бөлінген.

Ресми емес мәлімет бойынша, бір миллионға жуық қырғызстандық еңбек миграциясында жүр. Олардың дені Ресейде жұмыс істейді.

Рекомендовать
Последние новости