ҚазҰУ Туркияға көмек қолын созды

Dalanews 14 февр. 2023 10:44 1006

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарға белсенді көмек көрсетуде.

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері табиғи апат орын алған сәтте бір күндік жалақысын аударды.

Білім ордасында Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың бастамасымен жиналған қаражат 40 млн теңгені құрайды.

Бұған қоса, көшбасшы университет арнайы гуманитарлық көмек беру орталығын ашты.


Жәрдем қабылдау пунктінде еріктілер қолдауымен киіз үйлер, көрпе-жастықтар, қалың төсеніштер, карематтар, ересектер мен балалар киімдері жиналды. Сонымен қатар қол шамдары, генераторлар, термостар мен жылыту пештері тапсырылуда.



Жөнелтілетін жүк арнайы рейспен жуық арада жіберіледі.

https://youtu.be/KjrUvZZmWsk

Рекомендовать
Последние новости