«ҚазҰУ қалашығы» – достастық мекені

Dalanews 30 апр. 2019 04:57 903

 

ҚазҰУ – ғылым мен білімді, әдебиет пен мәдениетті, өнер мен дарындылықты достастырған мекен. Бұл мекенде тек білімділер ғана емес, өзін жан-жақты таныта білетін дарынды студенттер білім алады. Әр студент өз бойындағы оқуға деген талпынысы мен өнерге деген қабілетін Ұлттық Университетте оқу арқылы одан әрі дамытып,өзінің сүйікті ісімен еш кедергісіз айналыса алады.Уақыт өткен сайын бұл ғылым ордасы көптеген жетістіктерге жетіп, шет елдерге танылып, дамыған мемлекеттердің оқу орындарымен бәсекелесе алатындай дәрежеге жетуде. Осы жылдың өзінде Университетіміздің біршама жетістіктерін мақтанышпен атап өте аламыз:

  • QS халықаралық рейтингісінде соңғы жылдары 350 позицияға көтеріліп, бүгінде  220 - орынға ие.

  • Негізі қаланған 1934 жылдан бері соңғы 7 жылда университеттің инфрақұрылымы 40% өсті.

  • АА позициясына ие болып, Еуропадағы үздік университеттер қатарына енді.


 

Бұл жетістіктерінен бөлек, университетіміз әрқашан жаңашылдық енгізіп, ізденушілер мен оқытушыларға алуан түрлі мүмкіндіктер ұсынатын білім және ғылым ордасына айналды.Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты, білім бағдарламаларына сәйкестендіріліп жинақталған кітап қорымен және заманауи ақпараттық электронды ресурстарымен қызмет көрсетін Әл-Фараби атындағы кітапхана,әскери кафедра, медициналық орталық және студенттер үйі, технопарк қызмет атқарады. Әр білім алушы мен оқытушыға арман болған осындай мүмкіндіктер бір арнаға тоғысып, беделді де, көркем «ҚазҰУ қалашығын» құрайды.

Осы жылғы беделді оқу орны үшін ең басты жаңалық: Қазақ Ұлттық Университетінің құрылғанына 85 жыл толды. Бұл уақыт, біздің университетіміздің тарихи мекеме, сапалы білім ордасы, әрі еліміздегі мақтаныш тудыратын жоғары оқу орындарының бірегейі екенін көрсетеді.

Міне, менің де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі атануыма санаулы уақыт қалды. Осы «қалашықта» өз бойымдағы дарындылықты одан әрі ұштастырып, көптеген жаңа мүмкіндіктерге ие болдым. Университет құрамындағы 16 факультеттің ішінде жан-жақтылығымен ерекшеленетін Экономика және бизнес жоғары мектебінің, «Қаржы» кафедрасының жоғары тәжірибелі оқытушыларынан білім алып, көптеген дарынды да, білімді студенттермен достастым. Таңдаған мамандығыма да, түскен тобыма да ризамын. Кафедрамызда білім алушылар мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынас әрқашан өз орнымен, яғни тек білім алмасу емес, тәрбиелік, рухани даму қатар алынып жүреді. «Білім+ғылым+кәсіпкерлік+рухани кемелдік» қағидасы аясында қызмет жасап, студенттердің жан-жақты дамуы алға қойылған. Осы кафедрада оқу арқылы мамандығым бойынша білім алып, биге деген қызығушылығымды да қатар алып жүрдім. Демек, өмірде ең қажетті қасиет, уақытты тиімді пайдалануды үйрендім. Атақты жазушылар, ғалымдар, белгілі өнер адамдары, дарынды студенттершыққан жоғары дәрежелі оқу орнының түлегі атанатыныма өте қуаныштымын! Университетімді «достастық мекені» деп атауым бекер емес. Әл-Фараби атап өткендей: «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» деген ойдың негізінде, қызығы мен қиыны қатар өткен осы 4 жыл әр студент үшін білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, мол тәжірибе беріп,болашаққа зор мүмкінтер ашты.

Әр жылда әртүрлі жаңашылдыққа ұмтылатынәл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімнің алғашқы ректоры Фёдор Трофимұлы кезінен, қазіргі ректор Ғалымқайыр Мұтанұлы аралығында көптеген еңбектер атқарылып, сапалы білімі мен жоғары дәрежеге ие оқу орны қалыптасты. Әр түлек осы жетістікті мақтан етіп, өзі ұшып шыққан білім ордасының алдына қойған мақсатына тілектес!

 

А.Ә. Шарапатова, ҚазҰУ ЭжБЖМ «Қаржы» мамандығының 4-курс студенті, 

А.Ж. Тұрлыбекова, аға оқытушысы

Рекомендовать
Последние новости