ҚазҰУ-да «Ішімдікке жол жоқ»  акциясы өтті

Dalanews 21 сент. 2023 06:10 872

  21 қыркүйек  3 Тұрақты даму мақсаттары аясында  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті  қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында 211 топтың қатысуымен "ішімдікке жол жоқ"атты акция өтті.

Акцияның басты мақсаты- жастар арасында адам жанын улайтын (ішімдік,наша,темекі т.б)заттардан алшақ болуын дәріптеу.

Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын алкогольдің кесірінен 3 миллионнан астам адам қайтыс болады екен. Олардың 75 пайызы – ер адамдар.Статистика бойынша елімізде орта есеппен әрбір жетінші қылмыскер мас күйінде қылмыс жасайды.

Маскүнемдіктен болған өлім­нің төрттен бір бөлігі жазатайым оқиғалардан, жанжалдан және өз-өзіне қол жұмсауға байланысты жарақаттан, ал төрттен бірі – ас­қа­зан-ішек жолдарының ауру­ла­ры, 19% – жүрек аурулары, қал­ғаны – жұқпалы аурулар, обыр және пси­хикалық ауытқулардан туындайды деп мамандар дабыл қағуда.

БҰҰ мәліметтері бойынша алкогольден болатын өлім-жітім деңгейі жоға­ры елдердің арасында Қазақстан 10-орында тұр. Алкогольді сусынның көле­мі қандай болса да, денсаулыққа зиян.

Бұл туралы зерттеу The Lancet медициналық журналында жарық көрді. Вашингтон университеті ғалымдарының айтуынша, әлемдегі әр үш адамның бірі спиртті сусын қолданады. Алкоголь тұтыну болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін де өте зиян.

   Іс-шара аясында студенттер ішімдіктен оңай бас тартуға болатын жайттарды айтып өтті. Қазіргі таңда әлемнің көптеген елінде салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін мемлекет арнайы бағдарламаларды жүзеге асырады. Кейбір елдерде алкогольді ішімдік ішуге, сатуға мүлде тыйым салынған.


Сонымен қатар, түрлі шектеу түрлері де бар. Мәселен, ішімдік сататын дүкендердің мектепке жақын болмауы, алкогольді ішімдік сататын күндер мен сағаттарды шектеу, ірі спорттық жарыстар болатын күні алкоголь сатпау. Мұндай шектеулерге қоса ел ішінде ішімдікке қарсы күрес үлгілері де бар.

Жалпы, адамды мас­күнемдіктен арылтудың 12 қадамы бар. Реабили­тация орталығында науқас осы 12 қадамнан өтіп, ем алады.

Бір ерекшелігі – мұндай орталықта дәрігерлер мен психологтер ғана емес, кезінде өзі маскүнем болған қарапайым адамдар да қызмет етеді.

Осындай шаралардан кейін де айыққандар бар.    Іс-шараның түйіні- «Арақ­­тың адам денесінде зиянды әсер етпейтін мүшесі жоқ, ол барлық ағ­задағы нүктелерге дейін улы әсе­рін тигізеді» Статистика агенттігінің дере­гіне сүйенсек, Алматы қаласында әр 100 мың әйелдің 211-ден ас­тамы, ер адамдардың 2 330-ы арақ-шараптың кесірінен пси­хикасы мен мінез-құлқы бұзыл­ған. Астанада бұл көрсеткіш 90 және 476-ны құрайды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының деректері бойынша, психикалық және тәртіптік ауыт­қулары бар 249 мың адам есепте тұр. Олардың әрбір 12-сі – 25-30 жастағылар, отбасын құрып, ең­бекке араласып, қоғамның бел­сенді мүшелері болатын әйелдер.

Ұлттық орталық қызметкерлері бұл мәліметтің толық емес екенін мойындайды. Есепке алынбаған араққа әуестердің қатары одан да көп. Статистикалық дерекке сү­йен­сек, республика тұрғын­дары­ның 35 пайызы ішімдікке үйір екен. Өкінішке қарай, осы де­рекке мектеп жасындағы балалар да іліккен.Жоғарыда аталып өткен мәліметтерді ескере отырып,шәкірттеріміз зиянды дүниеден ада болады деген сенімдемін.

             Ақболатова М.Е


әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті  қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы


Рекомендовать
Последние новости