
Университет Бақылау кеңесінің мүшесі белгілі қоғам қайраткері Кенжехен Матыжанов студенттер қатарына қабылданып отырған бірінші курстықтарды құттықтап, ҰБТ-да ең жоғары балл жинақтап, университетке түсіп отырған студенттердің бір тобына Студенттік билет тапсырды. Университеттің бұдан 50 жыл бұрынғы түлегі, профессор Жұмәділ Шілдебаев құттықтау сөз сөйледі.
Мерекелік концертте Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық этнографиялық-фольклорлық оркестрі, Қазақстанның белгілі өнер жұлдыздары және университет көркемөнерпаздары өнер көрсетті.

Абай атындағы ҚазҰПУ Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім
https://dalanews.kz/30331