ҚазМұнайГаз су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қайырымдылық көмекті 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтты

Сағыныш Сардарова 04 июн. 2024 09:29 2025

Биыл сәуір айында «ҚазМұнайГаз» су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 3 млрд теңге бөлген болатын. Мамыр айында компания қосымша 7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл қаражат «Самұрық-Қазына» қорының қайырымдылық көмекке арналған бірыңғай операторы Samruk Kazyna Trust корпоративтік қоры арқылы бағытталатын болады, - деп хабарлайды Dalanews.kz kmgpress-ке сілтеп.

Одан бөлек, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС тәулік бойы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланның әуе кемелері мен техникасын жанармаймен қамтамасыз етеді. «ҚазМұнайГаз-Аэро» оған қоса зардап шеккен облыстардың әкімдіктеріне өтеусіз негізде 1300 тоннадан астам дизель отынына, 58 тонна АИ-92 бензиніне, жалпы сомасы 400 млн теңгеге жуық жанар-жағармайға арналған карта ұсынды. Бұл отын су тасқынына қарсы іс-шаралар, халықты эвакуациялау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында зардап шеккен инфрақұрылымды қалпына келтіру кезінде пайдаланылады.

Сондай-ақ, ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері 352 млн теңге көлемінде қаржылық көмек көрсетіп, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарына гуманитарлық көмек жіберді.

Ал ҚМГ-ның еншілес кәсіпорындары әкімдіктерге көмек көрсетуді жалғастырып, су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге атсалысып келеді (705 млн теңге жұмсалды), тиеу, көтеру және жердегі жұмыстар үшін арнайы техника бөліп, адамдарды тасымалдау үшін көмекке автобустар беріп отыр.


Рекомендовать
Последние новости