"ҚазМұнайГаз": қазақстандық мұнай тасымалданатын танкерге дрон шабуылы жасалды

Сағыныш Сардарова 13 янв. 2026 17:28

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Каспий құбыр консорциумы терминалындағы танкерге қатысты оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Компания мәліметінше, MATILDA кемесін "Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКҚК" ЖШС (ҚМГ-ның еншілес ұйымы) жалға алған.

"Каспий Құбыр консорциумының терминалында тұрған танкерге Қазақстан мұнайын тиеу жұмыстары 2026 жылғы 18 қаңтарға жоспарланған. 13 қаңтарда танкерге ұшқышсыз ұшатын аппараттар шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан жарылыс болды, бірақ өрт шықпады. Экипаж арасында зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Алдын ала бағалау бойынша танкер теңізде жүзуге жарамды, бірінші тексеру кезінде кеме құрылымының айтарлықтай зақымдану белгілері анықталмаған. Залал көлемін бағалау жұмыстары жүріп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove