Шымкентте қаза тапқан 21 жастағы қыздың ағасы мәлімдеме жасады

Қаракөз Амантай 13 янв. 2026 14:43

Шымкентте пышақ жарақатынан қаза тапқан 21 жастағы қыздың ағасы әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Шынымызды айтсақ, қан жылап отырмыз. Біз әр жаңалықты оқып, қолдау көрсетіп жатқан жандарға алғысымызды білдіреміз. Қазіргі таңда біздің қолымыздан келетін жалғыз нәрсе – сол “адамғаең жоғары жаза тағайындалуын талап ету.

Марқұмның ағасы қарындасының ешкімге зияны жоқ, сабырлы жан болғанын айтады. Оның сөзінше, күдікті бойжеткенді бір рет емес, ұзақ уақыт бойы бақылап, мазасын алған.

"Қысқасы, менің қарындасым – өте ақылды, сабырлы, тұйық, жуас қыз еді. Сол себепті көп жағдайда басынып келген. “Жоқ” деген сөздің мәнін түсінбеген. Сталкердің құрбаны болды. Қазіргі кезде бізге артық сөз сөйлеуге де, жазуға да болмайды. Себебі кейін қарсы тараптың адвокаттары тырнақ астынан кір іздеуі мүмкін. Сот процесі әділ өтеді деген сенім бар”, - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте пышақ жарақатынан қайтыс болған 21 жастағы бойжеткеннің мәйіті табылғаны туралы жазған едік. 

Egovpress таратқан мәлімет бойынша, күдікті бойжеткеннің танысы. Полиция "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қазір күдіктіні іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның тұлғасы анықталған. 


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove