Қазақтелеком «Тазарту» жобасы аясында тұтынушыларын ескірген мыс желілерінен жоғары жылдамдыққа ие оптикалық желілерге ауыстырып жатыр.Бұл жаңғырту тек қалаларда емес, Атырау облысының ауылдарында да жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Желілік инфрақұрылымды жаңғырту Алмалы ауылы мен Ақжар кентіне де жетті. «Тазарту» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері өңірде 2000-нан астам клиент «оптикалық» желіге қайта қосылды және жыл соңына дейін тағы 1000 пайдаланушы ауыстырылады.
Атырау облысында «Тазарту» іске қосылған сәттен бастап, 6 мыңнан астам пайдаланушы талшықты желіге ауыстырылды. Клиенттер деректерді жіберудің жоғары жылдамдығы, өткізу қабілеттілігі және сигналдың сенімділігі үшін заманауи «оптикаға» ауысады. ADSL технологиясы бойынша Интернетке қатынаудың максималды жылдамдығы секундына 8 Мбит-қа дейін болса, GPON технологиясы бойынша 500 Мбит/с-қа дейін жетеді.
Мыс желілерінен ауысқан клиенттерге талшықты желі жаңа мүмкіндіктері ашылады: интернеттің жоғары жылдмадығынан бастап Full-HD форматты цифрлық теледидарға дейін және бірден бірнеше құрылғыны қосқанда да деректер тарату сол қалпында жоғары жылдамдыты сақтап тұрады.
Сонымен қатар талшықты - оптикалық байланыс желілері электромагниттық кедергілерге сирек ұшырайды. Өткен жылы Курчатов пен Степногорск қалаларында 100% «оптикаға» көшірілгеннен кейін бірде-бір кабельдің зақымдануы тіркелмеген. Сондай-ақ клиенттер тарапынан да шағымдар түспеген.
«Тазарту» жобасы бойынша «мыстан» талшықтық желілерге ауыстыру сервис пен қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Болашақта мыс желілерін пайдаланудан толық шығып, өңірдегі телекоммуникациялық инфрақұрылымды біркелкі жаңғыртуға күш жұмылдырамыз. Жыл соңына дейін Атырау өңірініңдегі қосымша 1000 тұрғынды «оптикаға» ауыстырамыз», - дейді «Қазақтелеком» АҚ Атырау қатынау желісін пайдалану департаментігің директоры Таңатар Исмағамбетов.
Атырау облысындағы клиенттерді «мыстан» «оптикаға» ауыстыру тек қалада ғана емес, ауылды елді мекендерде де өткізіледі. Мәселен, Алмалы ауылында оптикалық желілер құрылысы аяқталғаннан кейін жыл басынан бері 160-тан астам клиент заманауи желіге көшірілді. Жеке үйлермен бірге «оптикаға» ауыл әкімдігі, «Қазпошта» ғимараты, мектеп және медициналық мекемелер ауыстырылды. Бұдан кейін Ақжар кентінде құрылыс жұмыстары мен клиенттерді қайта қосу белсенді жүргізілуде. Жыл соңына дейін компания мамандары ADSL-ден GPON-ға 450-ден астам клиентті ауыстыруды жоспарлап отыр.