«Қазақстанның орнықтылық қоры» купондық сыйақыны уақтылы төледі

Dalanews 02 мар. 2021 07:04 864

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі – ҚОҚ) KZ2C00006484 үш жылдық облигациялары бойынша купондық сыйақыны уақтылы төлегенін хабарлайды. Сыйақының мөлшері 8,5 млрд теңге құраған.

Облигациялар 8,5% купондық жылдық кірістілігімен 100 млрд теңге сомасына 2020 жылғы 27 ақпанда айналысқа түсті және екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компаниялардың, активтерді басқару жөніндегі қорлардың және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Өткен жылдың соңында ҚОҚ Қазақстан қор биржасында ұзақмерзімді 10 жылдық облигациялардың дебюттік орналастыруын жүргізді. Орналастыру көлемі 10 млрд теңге болды және сауда-саттықтың қорытындысы бойынша бағалы қағаздар жоғарылатылған қайта жазылумен өткізілді, бұл инвесторлар тарапынан ұзақмерзімді инвестициялар үшін сенімді қаржы құралы ретінде ҚОҚ облигацияларына деген жоғары сұранысты көрсетті.

Қазіргі кезде ҚОҚ-тың биржалық портфелі екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру мақсатында шығарылады.

Рекомендовать
Последние новости