Қазақстанның көлік министрлігі ұшақ апатына қатысты шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.
Оқиғаның мән-жайы нақтыланады.
Арнайы тергеу жүргізіледі.
Болжам бойынша, ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан.
Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Оқиға орнына келген бойда әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар.
ТЖМ Командалық орталығында жедел ШТАБ құрылды, онда сенім телефоны: 8/7292/319099 жұмыс істеуде.