Стати ісі: Тимур Сүлейменов бұғаттан шығарылған Ұлттық қор активінің сомасын атады

Кәмшат Тілеухан 25 дек. 2024 13:27 415

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов бүгін Мәжіліс дәлізінде журналистер қойған сұрақтарға жауап бере отырып, Стати ісі бойынша бұғатталған Ұлттық қор ақшасы қайтарылғанын айтты, деп жазады Dalanews.kz.

Бұл ретте журналистер бас банкирден Стати ісі бойынша бұғаттан босатылып, қайтарылған қаражат сомасын нақтылауды сұрады.

"Менің ойымша, бұл - соңғы күндердегі жағымды жаңалықтардың бірі. Бұл активтер баяғыда, шамамен 10 жыл бұрын бұғатталған. Ол кезде Ұлттық қордың шамамен 80 млн доллар болатын активіне бұғат салынған. Қазақстан мен басқа тараптар арасындағы келіссөздер барысында Үкімет пен Ұлттық банктің кәсіби жұмысының арқасында Ұлттық қордың активтері бұғаттан шығарылып, қордың еншісіне қайтарылды", - деді Тимур Сүлейменов.

2024 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Үкіметі, ҚР Ұлттық банкі және Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауындағы Стати тарапы Қазақстандағы мұнай-газ активтері туралы ұзаққа созылған дауды реттеу процесін сәтті аяқталғаны белгілі болды. Стати ісіне қатысты түпкілікті реттеу туралы келісімнің нақты шарттары жасырын болып табылатыны алдында хабарланған еді

19 желтоқсанд Қазақстан Стати ісі бойынша сот процестеріне қанша қаражат жұмсағаны туралы деректер пайда болды.

20 желтоқсанда Ұдттық банк реттеу нәтижесінде ҚР Ұлттық банкі Стати тараптарының Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтеріне қойған талаптарынан бас тартуына және Швецияда қамтамасыз ету шараларының ықпалында болған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін өз иелігіне қайтаруға қол жеткізгенін хабарлады. Алайда сомасын нақтыламап еді.


Рекомендовать
Последние новости