Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшаққа дронмен шабуыл жасалған болуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 25 дек. 2024 19:02 11610

Ақтау маңында ұшақтың апатқа ұшырауының себептерінің бірі аталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Commonwealth of Independent States Әзербайжан ұшағын украин дроны атып түсірді деп жазды. 

"Ресей әуе кеңістігінде Әзербайжанның азаматтық ұшағына украиндық ұшқышсыз аппараттың шабуыл жасауы мүмкін деген нұсқалардың бірі қарастырылуда. Бұл туралы апатқа ұшыраған ұшақтағы оқ атылған іздер дәлел болуы мүмкін", делінген жазбада. 

Бұл туралы "Чемодан госсекретов" телеграм арнасындағылар да жазды. 

"Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қанаттарында оқпен атқылаған немесе дронмен шабуыл жасаған кезде пайда болатын тесікшелер байқалды. Бүгін ұшақ бағыт алған Грозный қаласына дрон шабуылы жасалды. Бұл нұсқаны жоққа шығаруға болмайды. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады", делінген жазбада. 

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке көңіл айтты. Ол Маңғыстау облысында Әзербайжанның әуе жолдары ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

“Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, Сізге, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына және барша Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Менің тапсырмаммен Қазақстан Үкіметі мемлекеттік комиссия құрды. Комиссия құтқару операциясы аясында тиісті шаралар қабылдап, Әзербайжан тарапына қажетті көмек көрсетеді”, – делінген жеделхатта.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан.  

Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады. Әзербайжан әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған дерек бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативтік тобы құрылған. Оның құрамына көлік прокуратурасының, ІІМ және ТЖМ тәжірибелі қызметкерлері кірді.  


Рекомендовать
Последние новости