Қазақстанның Футбол федерациясына жаңа президент тағайындалды

Көркем Алдабергенова 20 дек. 2024 14:21 634

Астанада Қазақстан футбол федерациясының президентін сайлау өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Марат Омаров жаңа басшы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz msports.kz-ке сілтеп.

36 жастағы маман 36 дауыстың 34-ін жинады. Нәтижесінде ҚФФ-ға жаңа президент болып сайланды. Онымен бәсекеге түскен Алтай Даумов 2 дауысқа ие болса, Ербол Қайров бірде-бір дауыс жинамаған. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясын Әділет Барменқұлов басқарған болатын. Ол 8 қарашада Қазақстан футбол федерациясында өткен жиында ҚФФ басшысы қызметінен кеткен еді. 


Рекомендовать
Последние новости