Қазақстанның атом саласын дамытқан зауытқа 70 жыл

Dalanews 30 окт. 2019 17:55 876

Биыл «Үлбі металлургия зауытының» жұмысын бастағанынан 70 жыл толып отыр. Осы айтулы мерекеге орай, Өскемен қаласындағы Ертіс концерт орталығында салтанатты жиын болып өтті. Айтулы шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов арнайы қатысып, зауыт қызметкерлерін мерейтойларымен құттықтады.

Осыдан тура 70 жыл бұрын, яғни, 1949 жылы 29 қазан күні «Үлбі металлургия заутында» сирек кездесетін тория металының алғашқы партиясы шығарған болатын. Осы табысты жұмыстан кейін өндіріс ошағы берилий мен тантал өндіру ісін жолға қойғанын тарихтан білеміз.

Қазіргі таңда зауыт бериллий, тантал және уран өндіруде дүниежүзіндегі жетекші кәсіпорындардың бірі болып саналады.

Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясының құрамында табысты жұмыс істеп келеді. Зауыт бүгінде Америка, Еуропа, Ресей, Жапония және Қытайдағы әріптес кәсіпорындармен тығыз қарым-қатынас орнатып, Қазақстанның өндірістік әлеуетін әлемге танытуда.   


«Үлбі металлургия зауыты» құрылған күнінен бастап өндіріс ошағында жұмыс істейтін білікті мамандар шоғырын қалыптастыруға баса мән беріп келеді. Бүгінде зауытта бірнеше буын алмасып, әкелі-балалы адамдарды жұмыс істейді. Зауыттың 70 жылдық тарихында 28 отбасылық әулеттің азаматтары өздерінің тағдырын осы өндіріс ошағымен байланыстырып, саналы ғұмырын Қазақстанның металлургия саласын дамытуға арнағанын байқауға болады.

Олардың қатырында Зенков, Әбубәкіров, Сушков, Татаринов, Климов, Жилин, Колмагоровтар әулеті ауызға алдымен ілігеді. Салтанатты жиын барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов зауыт қызметкерлеріне құттықтап, жүрекжарды тілегін арнады.

– Қазақстандағы өндіріс ошақтарының арасында ойып тұрып орын алатын зауыт Қазақстанның атом саласын жоғары деңгейде дамытқанымен ерекшеленеді. Сонымен қатар зауыт Шығыс Қазақстан облысындағы ғылыми-техникалық әлеуеттің қарыштап дамуына септігін тигізді.

Қазіргі таңда «Үлбі металлургия зауыты» әлемдік нарықты жетекші орынға ие болып, өзінің позициясын күн сайын нығайтып келеді. Нәтижелі жұмыс пен биік белсетерді бағындыруда зауытта қызмет атқаратын жұмыскер-шеберлер мен инженер-ғалымдардың еңбегі зор деп білемін.


Біздер осы өндіріс ошағының қабырғасында жұмыс істеп, әлемді аузына қаратқан атақты ғалымдарымызбен мақтанамыз. Олардың еңбегі мемлекеттің ең жоғарғы марапаттарына лайықты деп есептеймін. Болашақта зауыттың әлеуеті, қалыптасқан дәстүрі, ардагерлердің іс-тәжірибесі және жалынды жастардың күш-қауаты әлемдік нарықтағы «Үлбі металлургия заутының» поициясын нығайтуға барынша ықпал ететіне сенімдімін, – деді ШҚО әкімі.

Бұдан кейін Даниал Ахметов отандық өнеркісіп саласына үлшеусіз үлес қосқан зауыт қызметкерлеріне «Мақтау қағазы» мен бағалы сыйлықтарды табыстады. Қазіргі таңда зауыттың білікті мамандары жұмыс сапасын жоғары деңгейде ұстап, өндіріске заманауи технологияларды батыл еңгізуде. Бұл ретте Василий Чеботарев, Валерий Ситников, Күләш Тойғамбаева, Жеңіс Кәрменов, Александр Егель, Тимур Алдажаров сынды азаматтардың есімдерін атауға болады.

 

Рекомендовать
Последние новости