Қазақстандық студенттер Қытайдың қауіпті індет тараған қаласынан шыға алмай отыр

Dalanews 23 янв. 2020 16:01 795

Қазақстандық студенттер Қытайдың қауіпті індет тараған Ухань қаласында қамалып қалды деп хабарлайды Dalanews.kz. 




Қытай билігі қауіпті індеттің ошағы саналатын Ухань қаласында карантин жариялаған болатын. Қаладан шығу да, қалаға кіру де әзір мүмкін емес.



Еліміздің Бас санитары Жандарбек Бекшин қазақстандық студенттердің елге аман-сау оралуы маңызды дейді.

"Олар жергілікті халықпен тілдескені анық, егер қауіпті індетті жұқтырғаны анықталса олар ол жақта (Ухань қаласында ред.) ем-дом алуы қажет. Әзір оларға Сыртқы істер министрлігі арқылы көмек қолын созуға, қауіпті вирустен сақтануға қатысты анық-қанық ақпарат беруге тиіспіз.

Алайда дәл қазір оларды инфекцияның ошағынан алып шығу мүмкін емес", – дейді Бекшин.




Бұдан бұрын Бекшин Алматыға Қытайдың 5 қаласынан, ал Нұр-Сұлтанға ҚХР-дың 3 қаласынан рейстер келіп қонғанын айтқан. Олардың барлығы бақылауда. 


Әзірге 13 жолаушы тексеруден өткен. Қазақстанда қауіптің індеттің іздері жоқ.

















Рекомендовать
Последние новости