Украина дрондары Ресейдің Ленинград облысындағы Усть-Луга портына соққы жасады. Бұл порт арқылы шетелге мұнай жөнелтіледі, оның ішінде қазақстандық шикізат та бар. Алдын ала деректерге сай "Новатэк" компаниясына тиесілі ірі газ өңдеу кешені зардап шеккен, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Усть-Луга портынан қазақстандық мұнайды экспорттауды "ҚазТрансОйл" атқарып келеді. Сондай-ақ, осы нүкте арқылы Еуропаға қазақстандық көмір де жеткізіледі.
Қазақстан Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл шабуыл қазақстандық шикізаттың сыртқа шығуына кедергі келтірмеген.
"Қолдағы ақпаратқа сәйкес кеше Усть-Луга портына жасалған дрон шабуылы экспортқа әсер еткен жоқ. Жүк тасымалы әдеттегі тәртіппен жүріп жатыр", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.