Қазақстандық қоғамдық даму институты қоғамның көңіл-күйі анықтау үшін 200-ге жуық зерттеу жүргізді – Нұрбек Мәтжани

Жарбол Кентұлы 11 апр. 2025 21:10 634

Соңғы уақыттары қоғамның көңіл-күйі анықтау үшін Қазақстандық қоғамдық даму институты 200-ге жуық зерттеу жүргізгенін «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқармасының төрағасы Нұрбек Мәтжани Орталық коммуникациялар қызметінің подкастында жүргізілетін зерттеулер мен қолданылатын әдістер жайлы айтып берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Институт 2019 жылы құрылған. Қазір оның құрамында бес орталық бар: Социологиялық зерттеулер орталығы, Отбасы және гендер мәселелерін зерттейтін орталық, Қоғамдық процестерді зерттейтін орталық, «Media Lab» орталығы және Сараптамалық-талдау басқармасы.

– Осы уақытқа дейін шамамен 200 тарта түрлі деңгейде, түрлі форматта және түрлі көлемдегі зерттеулерді жүргіздік. Социологиялық зерттеуде көп қолданылатын тәсілдер сандық (жаппай сауалнама) мен сапалық социологиялық зерттеу. Сапалық социологиялық зерттеуде тереңдетілген сұқбат жаппай сауалнама көрсете алмайтын деректерді алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте кеңінен қолданылатын тағы бір тәсіл – фокус-топтық талқылаулар деп аталады. Ол жерде бірнеше адам сұрақтарға жауап беру арқылы зерттеуге қатысады. Сауалнама анонимді түрде жүргізіледі, – деді Нұрбек Мәтжани.

ҚҚДИ ірі зерттеулерінің ішінде «Қазақстан Республикасындағы отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл» деп аталатын ұлттық баяндама бар. Онда отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себеп-салдары, заңдағы олқылықтар, әлемдік тәжірибе талданады.

«Қазақстан отбасылары» Ұлттық баяндамасына тоқталатын болсақ, бұл жерде отбасылық модель қалай өзгеріп жатыр, ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас, елдегі ажырасуға деген көзқарас көрсетіледі.

Зерттеулердің көбі үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілінде ұсынылады.

 


Рекомендовать
Последние новости