Бөлшек несиелендіру нарығында не болып жатыр - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы

Кәмшат Тілеухан 11 апр. 2025 16:38 709

Қазақстанның бөлшек несиелендіру нарығындағы бірнеше жыл бойғы өсім өз аптығын басты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша,жаңа клиенттер ағынының қарқыны күрт баяулаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бөлшек несиелендіру қызметіне жүгінуде жаңа клиенттердің ағыны 2023 жылғы 411 мыңнан 2024 жылдың соңына қарай 300 мыңға дейін баяулады, бұл нарықтың қанықтылығын көрсетеді. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы тура осындай мәлімет жариялады.

"Бөлшек несиелендіру динамикалық өсімді жалғастыруда, бұл үй шаруашылықтары кірістерінің өсуі жағдайында қазақстандықтардың тұтынушылық шығындарының жоғарылығын көрсетеді. Мәселен, 2024 жылы азаматтардың атаулы ақшалай табыстары 13,3% өсті, бұл тұтынушылық тауарлар мен қызметтерге, оның ішінде несиеге сатып алынған тауарларға сұранысты ынталандырды", - дейді қауымдастық сарапшылары.

Бұл ретте, екінші деңгейлі банктер беретін несиелер құрылымында халыққа берілген несиелер барлық берілген несиелердің 43,6%-ын құрайды, бұл іс жүзінде 2022 жылғы деңгейге (42,5%) сай келеді.

2024 жылы бөлшек портфель өсімінің жартысынан астамы кепілзатсыз несиелер есебінен (58%) қамтамасыз етілді, олар бөліп төлеу жоспарларының таралуына байланысты қатаң ақша-несие саясатына әлсіз сезімтал болды. Одан кейін басқа несиелер (20%) келеді, мұнда дәстүрлі түрде негізгі рөлді автокөлік несиелері, ипотека (19%) және жылжымайтын мүлікті кепілге алған тұтынушылық несиелер (3%) атқарады.

"Бәсекелестіктің күшеюі, екінші деңгейлі банктер мен автосалондар арасындағы серіктестік, өндірушілер мен дилерлердің қолайлы ұсыныстары жағдайында соңғы үш жыл қатарынан тек автонесие бойынша мақұлдау үлесі тұрақты өсуде (2022 жылы – 11%, 2023 жылы – 16%, 2024 жылы – 17%). Сол сияқты, 2024 жылы ипотекалық несиелерді мақұлдау динамикасы жақсарды (2023 жылдың соңындағы 30%-дан 37%-ға дейін өсті)".

Өтінімдерді сапалы іріктеу мерзімі өткен берешек бойынша тиімді әсер етеді: 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеке тұлғаларға берілген несиелер бойынша ол 2,9% деңгейінде (бір жыл бұрын 2,4%), жеке тұтынушылық несиелер бойынша – 3,9% (3,2%) және ипотека бойынша – 0,3% (0,5%).

"Жаңа клиенттердің ағыны 2023 жылғы 411 мыңнан 2024 жылдың соңына қарай 300 мыңға дейін баяулады, бұл нарықтың қанықтылығын көрсетеді. Тиісінше, несиелеудің халық ішіне ену деңгейі бұрынғы 86,4% көрсеткіштен 88,6%-ға дейін өсті", - дейді сарапшылар.

Халықтың борыштық жүктемесі қалыпты күйінде қалып отыр: қазақстандықтардың жалпы шығындарындағы несиелерді өтеуге жұмсалған шығыстардың үлесі 6,2% (бұрын 5,3%), ал азық-түлік өнімдері негізгі үлесті сақтайды.


Рекомендовать
Последние новости