Түркияда жер сілкінісі болды

Сағыныш Сардарова 28 окт. 2025 15:26

Мәрмәр теңізі аймағында 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді. Дүмпу Ыстамбұл мен оған көршілес провинцияларда сезілген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл - кейінгі екі күн ішінде Түркияда болған екінші жер сілкінісі. БАҚ мәліметінше, дүмпудің эпицентрі Балыкесир провинциясында орналасқан.

Жексенбі күні кешке елдің батысында да жер сілкінісі тіркеліп, Ыстамбұл маңында 20-30 секундқа дейін сезілген. Смартфон қосымшалары тұрғындарға бірнеше секунд бұрын ескерткен.

AFAD мамандарының дерегінше, тағы бір жер сілкінісі Ыстамбұл әуежайының маңындағы Қара теңіз жағасында болған. Оның магнитудасы - 3,7, тереңдігі - шамамен 13 шақырым. Ал Кандилли обсерваториясы бұл көрсеткішті 3,9 деп бағалады.


Рекомендовать
Последние новости