Павлодар облысы Аққулы ауданының прокуратурасымен қабылдаған шаралардың нәтижесінде 9 елді мекеннің тұрғындарына кадастрлық құны 2,7 млрд теңгелік жайылымдық жерлер қайтарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мемлекет басшысы өзінің кезекті жолдауында пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, оларды тек жердің құндылығын түсінетін азаматтарға ғана беру қажеттігі жайындатағы бір мәрте атап өтті.
Бас прокуратураның тапсырмасы аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру және пайдалану кезінде жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда.
Азаматтардан жайылым мен шабындық жерлердің жетіспеушілігіне қатысты көптеген өтініштердің келіп түсуіне байланысты кешенді талдау жүргізілді. Нәтижесінде заң талаптарын бұза отырып берілген, сондай-ақ, пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз пайдаланылып жатқан 70 мың гектардан астам жер телімдері анықталды.
Мысалы, бір ғана жауапкершілігі шектеулі серіктестік төрт жыл бойы 11,5 мың гектар жайылымды пайдаланбаған. Қазіргі уақытта Павлодар облысының Жер ресурстары нбасқару департаментімен бұл жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, прокуратура актісі бойынша бұрын жеке пайдалануға берілген құны 2,7 млрд теңгеден асатын 3 мың гектардан астам елді мекен жерлері мемлекетке қайтарылды.
Түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін тағы да жерлердің үштен бірі тікелей мақсаты бойынша пайдаланыла бастады.
