Атырау облысы Құлсары қаласында жантүршігерлік жайт болды. Түйе көшеде жүрген баланы таптап кеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Желіде оқиғаның видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, түйе баланы құлатып, таптай бастаған. Сол сәтте жолдан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі дабыл қағып, жануарды қуып жіберген.
Жасөспірім Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді, жағдайы тұрақты.
Алдын ала мәлімет бойынша түйе байлаудан босап кетіп, жолға шығып кеткен. Иесі әзірге табылған жоқ. Белгісіне қарағанда, түйе Маңғыстау облысында тіркелген.
