Қазақстанда су қымбаттай ма? Министрлік түсіндірді

Сағыныш Сардарова 29 окт. 2025 09:22

1 қарашадан бастап сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көлемін есептеу бойынша жаңа әдістеме күшіне енеді. Кейбір БАҚ өкілдері жаңа есептеу тәртібі енгізілгеннен кейін қазақстандықтар көршілерінің есебінен суға қымбатырақ төлейді деп хабарлаған еді. Алайда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрлік ақпаратына сүйенсек, қабылданған әдістеме жаңа төлем түрлерін енгізбейді және су үшін төлем мөлшерін арттырмайды.

Министрліктің түсіндіруінше, құжаттың мақсаты - суды жеткізу және бұру көлемін анықтаудың бірыңғай ережелерін белгілеу. Бұрынғыдай төлем су есептегіш құралдарының көрсеткіштері бойынша жүргізіледі, яғни тұтынушы мен су арнасы желілерінің шекарасында орнатылған құрылғы деректері негізге алынады. Ал есептегіші жоқ тұтынушылар үшін төлем мөлшері әкімдік бекіткен тұтыну нормалары бойынша есептеледі.

Көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары үшін де есептеу тәртібі өзгермейді. Егер үйде жалпы су есептегіш орнатылып, кейбір пәтерлерде жеке есептегіштер болмаса, онда жалпы және жеке көрсеткіштер арасындағы айырмашылық кондоминиум қатысушылары арасында пропорционалды түрде бөлінеді. Мұндай тәртіп бұрыннан қолданыста болған, енді түсінбеушіліктердің алдын алу үшін ол жаңартылған әдістемеде нақты бекітіліп отыр.

"Жасырын қосымша төлем болмайды. Мұндай есептеу тәртібі бұрыннан бар" - деді Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керімқұлов.


Рекомендовать
Последние новости