"Кей сәтте эмоцияға беріліп кететін кез болады, бірақ халықтың жағдайы сөз болып отыр" - Аймағамбетов

Сағыныш Сардарова 11 апр. 2025 17:40 879

Депутаттар салық реформасын әлі де қызу талқылап жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін Қоғамдық палатада салық мәселесі тағы талқыланған.

"Тақырып күрделі. Пікірлер әртүрлі, кейде тіпті қарама-қайшы. Пікір алшақтығына қарамастан, бір нәрсені атап өткім келеді: Ұлттық экономика және Қаржы министрлігінің өкілдері кәсіби, дәлелді және сабырлы ұстаным көрсетіп отыр. Иә, кей сәттерде эмоцияға беріліп кететін сәттер де болады - бұл қалыпты. Өйткені сөз халықтың жағдайы туралы болып отыр. Бастысы — талқылау мәдениетті, кәсіби деңгейде өтіп жатыр. Бұл қуантады", - деді ол.

Аймағамбетовтің сөзінше, күн тәртібінде әлі де өзекті ұсыныстар бар:

  • жеке адамдар арасындағы картадан картаға аударымдарға НҚС-ты алып тастау;  
  • дәрі-дәрмек, медициналық қызметтер, кітаптар, баспа ісі, балалар анимациясы сияқты әлеуметтік маңызды бағыттарды НҚС-тан босату;
  • ірі бизнеске берілетін негізсіз салықтық жеңілдіктерді қысқарту. 

Еске салайық, осы сәрсенбіде Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасы талқыланды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жоба былтыр қыркүйектен бастап қаралып жатқанын, биыл оған тұжырымдамалық түзетулер енгізілгенін мәлімдеді.

Жұманғариннің сөзінше, қосылған құн салығы 16% болады. Екінші – қосылған құн салығының шегі. Қосылған құн салығы бойынша шек 40 млн. теңге мөлшерінде белгіленеді.


Рекомендовать
Последние новости