Қазақстандық IT-қызметтер экспортының көлемі 470 млн доллардан асты

Кәмшат Тілеухан 21 янв. 2025 14:16 360

Қазақстан 2024 жылдың 9 айында 471 млн долларға IT-қызметтерді экспорттады. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев хабарлады. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға артық. Дегенмен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша одан да жоғары сандар күтілуде, деп жазады Dalanews.kz.

Ведомствоның болжамы бойынша, IT-қызметтер экспортының сомасы шамамен 700 млн долларды құрауы мүмкін.

Қазақстанның IT-экспортын ілгерілетуде Astana Hub басты рөл атқарады. Ондағы резиденттер саны 1,5 мың компаниядан асты, оның ішінде 400-і халықаралық компания. Олардың жалпы кірісі 2024 жылы 620 млрд теңгені құрады. Бұл ретте экспорттан түсетін табыс – 227 млрд теңге, яғни 479 млн доллар.

Astana Hub резиденттерінің экспорттық географиясы 90-нан астам елді қамтиды. Astana Hub резиденттерінен басқа "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның GovTech өнімдері алғаш рет экспортқа шықты. Мұндай шешімдердің қатарына Smart Data Ukimet, Smart Bridge жəне ИРБП веб-сайт құрастырушысы кіреді.

Бұған дейін елімізде құрылмақ венчурлық қор көлемі 2025 жылдың соңына қарай 1 млрд долларға дейін жеткізілетіні хабарланған


Рекомендовать
Последние новости