Қазақстандағы миллиондаған “Яндекс” қолданушысының дерегі Ресейдің бақылауында болуы мүмкін

Қаракөз Амантай 24 сент. 2025 10:46

Әлеуметтік желілерде және шетелдік БАҚ-та Ресей сот құжаттарының үзінділері жарияланды. Онда арнайы қызметтердің “Яндекс” компаниясының ақпараттық жүйесіне қол жеткізе алатыны айтылған. Таралған ақпаратқа сәйкес, бақылау Қазақстан аумағында жұмыс істейтін сервистерді де қамтиды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Бұл – Қазақстан Республикасының “Ұлттық қауіпсіздік туралы” Заңына қайшы келеді және құзырлы органдар тарапынан тексеруді қажет етеді. “Яндекс” компаниясының Қазақстанда миллиондаған қолданушысы бар”, — деп жазды Письма Президенту телеграм арнасы.


Сотта “Яндекс” өкілі құқықбұзушылықты мойындамай, барлық талапты орындау үшін шаралар қабылданғанын жеткізген. Атап айтқанда, уәкілетті органға қажет сынақ күндерін белгілеу жөнінде хат жолданғанымен, белгіленген мерзім ішінде жауап болмаған. Компания өкілі нұсқаманың заңсыз екенін, себебі онда нақты іс-шаралар көрсетілмегенін атап өтті.

Сонымен қатар қорғаушы құқықбұзушылықты елеусіз деп танып, әкімшілік іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.

Алайда Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы жауабында “Яндекс” ЖШС-не берілген нұсқама толық көлемде емес, тек ішінара орындалғаны көрсетілген.


Рекомендовать
Последние новости