Қазақстанда инфляция үдей түскенімен, экономикасы әзірге тұрақты - ЕТДҚ

Кәмшат Тілеухан 17 апр. 2025 11:30 18686

2025 жылы Қазақстанның экономикалық өсім қарқынын жеделдейді: өсім 5,2% -ды құрауы мүмкін. Бұл үшінші жыл қатарынан Қазақстан экономикасы 5%-ға жуық өсім көрсетіп отырғанын білдіреді, бұл, әрине сөзсіз маңызды нәтиже, деп есептейді Еуразиялық Тұрақтандыру және даму қорындағылар (ЕТДҚ). Алайда, қор мамандарының пікірінше, өсім құрылымында бірқатар өзгеріс факторлары болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"2024 жылмен салыстырғанда мұнай өндірісі көлемінің,сондай-ақ ірі инвестициялық жобалар нәтижесінде инвестициялық құрамдас бөлікті ұлғайту есебінен жалпы ішкі өнім жиынтығында экпорттық үлес өседі. Бұл ретте ЖІӨ өсімінің құрылымында тұтыныс үлесі төмендейді. Орта мерзімді перспективада 2026-2027 жылдары ЖІӨ қарқыны бюджет импульсін төмендету есебінен шамамен 4,5%-ға дейін баяулайды. Соған қарамастан, ұзақ мерзімді даму мақсатында жасалатын мемлекеттік инвестициялар көлемі әлі де жоғары деңгейде болады", - деп атап өтті қордың макроэкономикалық болжау және зерттеулер бастығы Марина Гричик.

ЕТДҚ базалық сценарий шеңберінде "Теңіз"жобасы бойынша мұнай өндірісінің көлемі 9,7% -ға артады деп болжайды. Алайда, жоспарланған өсім ОПЕК + шеңберінде Қазақстан үшін бөлінген квотаны сақтамауды танытады. Сонымен қатар, геосаяси және технологиялық факторларға байланысты КҚК жұмысындағы тоқтаулар мұнай экспортының төмендеуіне және өндіріс көлемін мәжбүрлі түрде қысқартуға әкеліп соғуы мүмкін.

Жылдық инфляция жайына келетін болсақ, ЕТДҚ осы жылдың басынан бастап баға қысымының сақталуы, тіпті оның үдеуін болжайды. Болжам бойынша 2025 жылдың соңына қарай баға өсімі 10,6%-ға дейін жеделдейді. Оған мынандай бірқатар факторлар әсер етеді:

  • ынталандырушы фискалдық саясат және халықты белсенді несиелендіру арқасында "қызушы" ішкі сұраныс;
  • жүргізіліп жатқан ТКШ реформасы және теңге бағамының әлсіреуі және оның бағаларға әсері;
  • сауда-саттық бойынша әріптес елдерден импортталатын инфляция.

"Егер ішкі динамика туралы сөз қозғайтын болсақ, онда 2025 жылдың соңына қарай инфляция өсіміне ықпал етуші маңызды факторы - ҚҚС төлеміндегі өзгерістер болады. Осыған байланысты біз инфляция өз шыңын қыста игереді деп күтеміз, содан кейін ол баяулай бастайды, 2026 жылы 8%-ға және 2027 жылы 6%-ға дейін. Ұлттық Банк қатаң ақша-несие саясатын (АНС) жүргізу ниетін ұстанады. Біз АНС алда да қатаң сақталатынын және бейтарап деңгейге базалық мөлшерлеме тек 2027 жылы оралатынын байқап отырмыз", - дейді Гричик.

Қазақстан экономикасының базалық сценарийі бірқатар тәуекелдерді қамтиды, олардың бастысы сыртқы конъюнктураға қатысты өрбиді.

"Қазір барлық нарықтарда қысқа мерзімді ауытқулар байқалуда. Олар, ең алдымен, АҚШ-тың сауда саясатына байланысты, бірақ біз Қазақстанға қатысты сауда қақтығыстарының қосалқы әсеріне неғұрлым тәуекел деп есептейміз. Яғни, әлемдік экономикадағы сұраныстардың баяулауы салдарынан мұнай бағасының төмендеуіне. Бірақ біз қысқа мерзімді құбылыстарға назар аудармай, тұрақты орта мерзімді тенденциялар мен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге сүйену маңызды деп санаймыз", - дейді Гричик.

Әрине,экономикада ішкі тәуекелдер де бар.

"Күтілетін инфляция көлемі асып түсуі мүмкін, егер ішкі сұраныстың қызып кету қаупі жоғары болса. Мұндай тәуекелдің ықтималдығы қазір де басылып келеді, онда да 2024 жылмен салыстырғанда бюджеттік шоғырландыру мен жеткілікті қатаң ақша-несие саясатының арқасындаТұтастай алғанда, экономика тұрақты және билік қабылдаған шаралар ақылға қонымды көрінеді", - дейді қордағылар.

Еуразиялық Тұрақтандыру және даму қоры (ЕТДҚ) әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарымен күресу үшін 2009 жылы Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан құрған қаржылық қауіпсіздіктің жаһандық желісінің бөлігі, дағдарысқа қарсы қор.

Бұған дейін наурыз айында инфляция еліміздің 16 өңірінде үдегенін жазғанбыз.


Рекомендовать
Последние новости