Наурыз айында инфляция еліміздің 16 өңірінде үдей түсті

Кәмшат Тілеухан 17 сәу. 2025 10:00 433

Наурыз айында инфляция  1,3%-ға өсіп, оның жылдық көлемі 10% болды. Жылдық инфляция 16 өңірде үдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР Ұлттық банктің мәліметінше, ең жоғары өсім Астанада тіркелді.

Наурыз айында елдегі жылдық инфляция үдеп (ақпанда – 9,4%), 10% болды. Жылдық инфляция 16 өңірде жеделдеп, 4 өңірде баяулады.

"Елордада жылдық инфляция 13,3%-ға жетті, бұл – ел бойынша ең жоғары көрсеткіш. Азық-түлік бағасының ең жоғары өсімі – Ақмола облысында, ал ең төменгі өсім Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында байқалды", делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша жоғары өсім – Түркістан облысында (15,2%), ал ең төменгісі Алматы облысында (5,8%) тіркелді.

Наурызда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы жылдық мәнде 14,3%-ға дейін жеделдеді (ақпанда – 14,1%). Сонымен қатар баға Батыс Қазақстан облысында (19,1%) жалпы республикалық деңгейден айтарлықтай жоғары, Павлодар облысында (7,2%) едәуір төмен өсім көрсетті. 

Бұған дейін БЖЗҚ активтері осымен үшінші ай қатарынан табыс әкелмегенін жазғанбыз


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар